Көкшетау маңында жол апатынан екі адам қайтыс болып, үш адам жарақат алды

Жол апаты жексенбі күні Көкшетауға жақын маңда болған. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Toyota Camry" көлігін жүргізген Чаглинка ауылының 25 жастағы тұрғыны жолдың қарсы бетіне шығып кетіп 28 жастағы әйел жүргізіп келе жатна "Nissan Cefiro" көлігіне соқтығысқан. "Nissan" ұшып барып "Ваз-2104" көлігіне соқтығысқан.

Апат салдарынан "Toyota" жүргізушісі мен "Nissan" жүргізген әйелдің жанындағы күйеуі қайтыс болды. Жүргізуші әйел 2013 және 2009 жылы туған екі баалсымен ауыр хәлде ауруханада жатыр.