Жомарт Мирасұлы Көкшетау қаласының әкімі болып осыдан 5 ай бұрын тағайындалған болатын. 56 жастағы шенеунік еңбек жолын қатардағы құрылысшы боп бастапты. Көп жыл бизнесте жүріп, 2006 жылдан бастап шенеунік атанған. Яғни 5 жыл аудан әкімі, 3 жыл Қостанай қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Ал Ақмола облысының орталығын басқаруға биыл маусым айында ғана келген болатын.