Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy- на сілтеме жасап.
Қол қою рәсімі Энергетика министрлігінде өткен. Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, Ресей тарапынан "ИНТЕР РАО – Экспорт" ЖШҚ, ал, Қазақстан тарапынан "Самұрық-Энерго"АҚ уәкілетті ұйым болып бекіген.
"Үш облыс орталығында – Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО іске асыру энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді", - дейді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.