Жүргізушілер қауымдастығы бұған бірнеше күн бойы дайындалған. Әр саладан жиналған 36 әуесқой автокөлік иесі орталық алаңда алдымен «70 жыл» деп жазды. Кейін бес жұлдыздың бейнесінде сап түзеді. Қанша машықтанғанмен көпшілік жүретін Тәуелсіздік алаңда бес жұлдыз бейнесін жасау оңай емес. Дегенмен, жүргізушілер қойған мақсаттарына жетті.
Бауыржан Қаппасов, Көкшетау қалалық Жүргізушілер қауымдастығының мүшесі:
-Әр жылдар сайын арамыздан қан майданнан келген жандар азайып бара жатыр. Жеңістің символы ретінде автокөліктерден жұлдыз бейнесін жасадық!
Loading...