Көкшетау-Астана тас жолындағы ірі жол-көлік оқиғасы нәтижесінде екі адам зардап шекті. Жолда 10 автокөлік соқтығысқан. Жексенбі, 31 қаңтар сағат 21.40 пен 22.57 аралығында Көкшетау-Астана тас жолының 25-шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы болды. «Ниссан Максима» автокөлігін тізгіндеген ер адам ара қашықтықты дұрыс есептей алмай, сол бағытта бара жатқан «ДАФ» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Бұдан кейін олардың артында келе жатқан «Тойота Камри», «Шкода Актавия», «Киа Серато» және тағы 5 жеңіл көлік бір-біріне соғылған. Қазіргі уақытта Ақмола облысының полицейлері оқиғаның мән-жайын тексеруде. Олардың айтуынша, тас жол учаскесінде қозғалыс шектелген жоқ.