Көкшетауда 73 адам іш ауруымен ауруханаға түсті

Індеттің таралуына ауыз су сапасы әсер етті деген болжам бар. Қазір ауыз су сапасы зертханалық тексеруден өткізілуде.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінен хабарлағанындай, 18-қазан күнгі 7 сағаттағы жағдаймен ауруханаға түскендер арасынан 17 адам емдеу мекемелерінен шықты. Аурудың жаппай белең алуына қарсы шаралар жалғасуда.