Көкшетауда 77 жастағы қарияның мүрдесі табылды

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеше түстен кейін үйінен бірнеше күн сыртқа шықпаған қарияның пәтеріне балкон арқылы кірген ТЖД құтқарушылары мен полиция қызметкерлері пәтер иесі 1937 жылы туған Юрий Синицевтің мүрдесін тапты.

Қазіргі кезде қарияның қалай және не себепті көз жұмағаны анықталуда.