Көкшетауда Абай атындағы опера және балет театрының гастролі өтеді

7 гастрольдік күн ішінде Көкшетаудың тұрғындары мен қонақтарының назарына 2 опера мен 3 балет спектаклі және 1 оперетта ұсынылады. Олар белгілі Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Дж.Вердидің «Травиата» опералары, И.Штраустың «Жарқанат» опереттасы және А. Рыбниковтың «Юнона мен Авось», А. Аданның «Жизель», П. Чайковскийдің «Аққу көлі» балеттері.

Басты партияларда ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірігін қайраткерлері Жәмилә Баспақова, Болат Бөкенов, Бейімбет Қожабаев, Рымкеш Жұмәділова, Болат Жомартов және т.б.

Гастрольдің соңында театрдың репертуарындағы опера және балеттердің ең үздік сахналарынан құрылған гала-концерт өтеді.