Көкшетауда Абылай ханның 300 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталады

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Абылай ханның 300 жылдығына мерекелеу аясында 5 қазанда Көкшетауда «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Сонымен қатар Абылай хан алаңында мәдени шараларды өткізу жоспарланған»,-деді ресми өкіл.

Мұнымен қоса, Көкшетау маңындағы Қызылжар атшабарында «Азат рухтың Абылай ханы» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылмақ.


«Абылай ханның 300 жылдығы аясында тарихи сана-сезімімізді одан ары қарай бекітуге бағышталған басқа да жалпыұлттық мерекелік шарларды өткізу көзделген»,-деді ол.