Көкшетауда әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

10 салмақ дәрежесі бойынша өтетін жарысқа, еліміздің барлық облыстарынан 150-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатыспақ. Олардың қатарында XVI жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Саида Хасенова, 2010 жылы Әлем чемпионатының ақтық сынында өнер көрсеткен Марина Вольнова, 2008 жылы Әлем чемпионатының қол жүлдегері атанған Елена Кольцова бар.

Әйелдер арасында бокстан ҚР чемпионаты осымен жетінші рет өткізілгелі отыр.

Сондай-ақ осы мерзім аралығында аталған қалада еліміздің жастар мен жасөспірімдер арасында да бокстан чемпионат болады. Ол 14 салмақ дәрежесі бойынша өтпек.