Ғимарат бүгін таңертең сағат тоғыздан кете тұтанған. Өрт сөндірушілерге хабар 9.37-де келіп түсіпті. Оқиға орнына сол заматта 11 көлік жіберілді.
“Ағаштан салынған әкімшілік ғимарат толығымен өртеніп кетті, бұл 125 шаршы метрді құрайды. Ол жерде автомектептер, сақтандыру компаниясы және басқа да ұсақ ұйымдар орналасқан”, — деп хабарлады ТЖД.
“Бір адам көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға жөнелтілді. Қайтыс болған азамат – Алпысбай Кәркен көлік жүргізу инструкторы болып жұмыс істеген, жасы 72-де”, — дейді агенттікке сұхбат беруші. Өрттің себебі анықталуда.