Көкшетау қаласының тәртіп сақшылары алаяқтық әрекет жасамақ болған тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасына қалалық банк қызметкерлерінің бірінен суыт хабар келіп түсті. Тәртіп сақшыларының анықтауынша, күдікті өзге адамның жеке құжаттарын пайдаланып, депозиттегі ақшасын алмақ болған. Тексеру барысында депозит иесінің қайтыс болғаны мәлім болды.
«Зеренді ауданында тұрып жатқан азамат марқұмның туысқаны болып шықты. Ол туысының банктегі есеп-шотында ақша барын біліп, кейін оның құжаттарын пайдалану арқылы банктегі соманы шешіп алмақ болды. Бірақ, ережеге сәйкес, марқұмның банктегі қаржысын туыстары ғана шешіп ала алады және бұл алты айға дейін мүмкін. Осы жағдайда марқұмның анасының ғана құқығы бар еді», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Аталған дерекке сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.