Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оперативтік шаралар барысында 27-маусымда қалалық ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері 25 жастағы "Казгосстрой" ЖШС жұмысшысы мен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 20 жастағы 1-ші курс студентін құрықтады. Олардың екеуі де Ақмола облысының тұрғындары. "Тексеру барысында олардың жол сөмкесінен 10 кг 400 г аммонит табылды", - деп хабарлайды тәртіп сақшылары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті