Көкшетауда ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Салтанатты шара барысында өңір басшысы Қосман Айтмұхаметов пен Ақмола облысы мәслихатының хатшысы Нина Дьячек бастаған облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департамент басшысы, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және әскери-патриоттық клуб пен жастар бірлестігінің өкілдері интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар, шара барасында ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алынып, олардың құрметіне әуеге бірнеше мәрте оқ атылды.

Салтанатты шара «Көкшетау» мәдениет сарайында ауған соғысы ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің туған-туыстарын марапаттау рәсімімен жалғасын табуда.


Айта кеткен жөн, жалпы Ақмола өңірінен Ауған жеріне 1113 ақмолалық аттанып, оның 57 үйлеріне оралмады. Бүгінгі күні өңірде 900 астам ардагер-интернационалист бар. Бұл қайғылы, ұмытылмас оқиға мәңгі қазақ халқының есінде қалары анық.