Көкшетауда азық-түлік дүкенін есірткі саудасының ордасына айналдырғандар ұсталды


Есірткі сатылатын азық-түлік дүкені лицей мен балабақшаның дәл жанында орналасқан. Көкшетаулық полицейлер екі келіншекті тұрмыстық тауарлармен қоса, героинді қатар саудалап тұрған жерінде қолға түсірді. Бірінің 3, екіншісінің шиеттей 4 баласы бар екен. Дүкенді және үйлерін тінту кезінде сатуға дайындалып қойған 300 грамм есірткі тәркіленді. Әйелдердің бірі тіпті героинді балалар кереуетінің астына жасырған.