Көкшетауда биылғы жылы 2800 КамАЗды құрастыру жоспарланып отыр

"Қазақстанда Ресей компаниялары белсенді түрде атсалысатын көлік машина жасау саласының дамуына елеулі назар аударылады. Мәселен, 2008 жылы қазақ-ресей бірлескен "ҚамАЗ инжиниринг"АҚ кәсіпорны 2800 КамАз маркалы жүк көлігін құрастыруды көздеп отыр, оны ішкі нарықта толық сатпақшы", - деді Ю. Жужома.

"Өткен жылы Ресей зауытының 40% экспорты ("КамАЗ") Қазақстанның үлесіне тиді. Алдағы екі жылда ықпалдасу нәтижесінде Қазақстанның Ресей кәсіпорнындағы экспорттық үлесі 50% жететін болады", - деп есептейді ол.

"Биылғы жылы "КамАЗ" қазақ нарығында 8400 жүк көлігін сатуды жоспарлап отыр. Ал Қазақстанның көлік паркінде бұл маркалы көліктің саны 65 мың", - деп қорытындылады Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілінің қызметін атқарушы.