Көкшетауда бөкендерді жаппай қырған браконьерлер тобы сотталды


Атбасар ауданының төрт тұрғыны, оның ішінде аудандық табиғат қорғау полициясының қызметкері екі жүз бөкенді заңсыз атқаны үшін кінәлі деп танылды, деп сот залынан «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі мәлімдеді.
Сот үкімімен полиция қызметкері төрт жылға бас бостандығынан айырылды, оның үш сыбайласы үш жарым жылға сотталды.
Сонымен қатар, прокуратура мүйіз сатып алушыларға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Мүйізі үшін бөкендерді заңсыз атып алу салдарынан келтірілген шығын мөлшері 30 млн теңгеден астамды құрайды.