Көкшетауда бомба қойылды деп халықты дүрліктірген күдіктілер ұсталып, тергелуде

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең 10:25 минут шамасында белгісіз береудің Көкшетаудағы теміржол вокзалында бомба қойылған деген жалған хабар вокзал қызметкерлері мен жолаушыларын дүрліктіріп, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызған болатын.

Араға 5 минут салып 10:30 шамасында Пушкин көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінде тұратын 62 жастағы әйелдің үйіне белгісіз адам телефон шалып пәтерінде бомба қойылғанын айтып үрейленген халықты одан сайын қорқыта түсті.

Нәтижесінде құқық қорғау органдары тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіріп, күдікті анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын қолға алған болатын. Осының нәтижесінде көп ұзамай күдіктілер ұсталып, жарлғыш заттың қойылғаны жалған болғаны анықталды.

Біріншісінде вокзалға бомба қойып жүрген Қостанай облысы Тобол стансасының 1997 жылғы тұрғыны болып шықты. Күдіктінің сөзіне қарағанда, Көкшетауға жол жүріп кеткен анасының діттеген жеріне жеткен-жетпегенін құқық қорғау органдарынан сұрап білмек болған. Олардан дұрыс жауап болмаған соң ашуға булыққан ол вокзалға бомба қойылғанын айтып қорқытпақ болған.


Ал екінші жағдайда 1954 жылғы ер адам көршісін,  яғни, 62 жастағы әйелді пәтеріне бомба қойылғанын айтып ойнап қорықтап болған.

Қазіргі кезде екі оқиғаға да байланысты ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.