Қаланың іргесіндегі Қопа көлінде балықтың 10 шақты түрі өсіріледі. Биыл қар қалың болып көлге қармақ салып жатқандар көп. Бірақ, балыққа бірнеше шақырымдық ау құрғандардың қарасы тіпті көп болып шықты. Моторлы қайықтың өзі жүрген сайын, торға ілігіп, су астындағы ауға шырмалып қалуда. Инспекторлар жыл басынан бері осындай 85 броконерьді ұстап, айыппұл салыпты. Тек осы жолғы бір рейдтің өзінде 2 шақырымдық ау тәркіленді.