Көкшетауда бұрынғы салық қызметкері 42 млн теңге салық төлеуден жалтарған деген күдік бар

Бұрынғы салық қызметкеріне жалпы сома 42 млн теңгені құрайтын салықтан жалтарған деген айып тағылды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық қаржы полициясының департаменті мәлімдеді.

Ұсталған азаматқа қарсы Қылмыстық кодекстің 192-бабы (жалған кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғалды.