Көкшетауда электр бағаны екі көлікті басып қалды


Әуелбеков көшесінің бойымен жүріп келе жатқан «Шевролет авео» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай Ғабдуллин көшесімен қилысар тұста жолдан шығып кетіп, электр бағанына соғылды. Қатты соққыдан түбі опырылып құлаған электр бағаны «Шевролет авео» мен оның жанынан өтіп бара жатқан «Лексус» көлігін басып қалды. Соның салдарынан аталған көшелердің қилысында көлік қозғалысына біраз кедергі келтірілді.