Көкшетауда электр қуаты арзандады

"ҚҚС 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендеді. Бұрын ол 14% болса, енді 13% құрайды. Осыған орай электр қуаты үшін тарифтер жаңа жылдан бастап 7,05 теңгеден 6,99 теңгеге төмендеді", - деп түсіндірді Ж. Абішев.

Оның сөздері бойынша, енді Көкшетау тұрғындары тұтынатын әрбір100 кВт электр қуаты 6 теңгеге арзандады.

Сонымен қатар, оның ақпараты бойынша, жылу кезеңіне дайын болмаған және жер төлелерін су басып кеткен үйлерге жылу қуаты үшін белгіленген төлемдер қайта есептелді.

"Қаланың бірқатар аудандарында апатты жағдайлар болып олардың тұрғындарына жылу қуаты қайта есептелген квитанциялар бірілді. Адамдар біреулердің қатесі артық ақша төлеп, жапа шекпеулері керек", -деді №2 аудандық қазандығының жылу инспекциясының инженері Александр Дуюнов.