Көкшетауда екі жігіт жетінші қабаттан құлап қаза болды


Өткен жексенбіде 1987 жылы туылған жергілікті тұрғынның үйінде қонақ болған, ол да сол қаланың тұрғыны, 1986 жылы туылған жігіт, деп хабарлады құқық қорғау органдарындағы дереккөз. Олар спирт ішімдіктерін ішкен.

Агенттікпен әңгімелесушінің айтуынша, қонақ психиатриялық есепте тұрған және бірнеше рет суицидке бармақ болған. Бір болжамға қарағанда, ол осы жолы да өзіне қол салмақ болған, пәтер иесі оны құтқарып, балконда ұстап қалуға әрекеттенген.