Көкшетауда Еркеш Ибраһимнің 80 жылдығы атап өтілді - Ақмола облысы



Облыс орталығының зиялы қауым өкілдері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен ұстаздар қауымы, барша жұртшылықтың қатысуымен жүзеге асырылған іс -шара барысында ақынның шығармашылығы мен өмірлік ұстанымы тілге тиек етілді. Өз кезегінде жергілікті жазушы-журналистер Төлеген Қажыбаев, Мәтен Бижанов, Рүстем Бермағанбетов замандастарының қаламының қарымдылығы, өжеттігі мен өткірлігі, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтейтін адамгершілігі жайында ойларымен бөлісті. Жарты ғасырдан сәл астам ғұмырында жиырмадан астам туындысын оқырмандарына тарту еткен ақынның өлеңі оқылып, әндері айтылды. Кітапхана фойесінде әр жылдары баспадан жарық көрген кітаптары мен мерзімді басылымдарда жарияланған туындылар көрмесі ұйымдастырылып, жұршылық назарына ұсынылды.