Көкшетауда ерлі зайыпты қарт кісілердің аяқ-қолын кесіп, қинап өлтіріп кеткен (ВИДЕО)

Пәтерде қансырап жатқан марқұмдардың мәйітін туған қызы тауып алған. Ұлдарының айтуынша, түн ортасында балконнан үйге кірген қаскүнем қарт әке-шешесін әбден қинаған көрінеді. 10 бала өсірген жандар  жаңа үйде үш жыл бойы екеуі ғана тұрған екен. Балалары қанша өтінгенімен қолдарына барудан бас тартыпты. Сұмдық оқиғадан бес күн бұрын белгісіз біреу бірінші қабатта тұрған қариялардың пәтерінің терезесін сындырып, ұрлыққа түспек болған. Бірақ, олардың айқайынан қаскөй ізін суытқан. Ал тәртіп сақшылары мұны елемеген дейді балалары.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


ХӘКІМ БЕЙСЕНБАЕВ, МАРҚҰМДАРДЫҢ ҰЛЫ:
"Шешемді қинаған, қолын кескен, аяғын кескен. Әкемді қинаған. Пышақпен бауыздап тастаған".

Зейнеткерлердің пәтеріне енген қаскөй алтын бұйымдар мен ақшаны алған сәтте қариялардың көзіне түсіп қалған. Содан қанішер тап беріп, екеуін де өлтіріп тастаған. Ал жедел әрекет еткен тергеу тобы күдіктіні Көкшетауда қолға түсірді. Ол 24 жастағы Щучинск қаласының тұрғыны болып шықты. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынған.