Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазанның 12 мен 16 аралығында Ақмола облысы Көкшетау қаласында облыстық балалар ауруханасы мен қалалық ауруханаға іш ауруымен 73 адам жатқызылды, олардың арасында 59 бала бар.
Індеттің таралуына ауыз су сапасы әсер етті деген болжам бар. Қазір ауыз су сапасы зертханалық тексеруден өткізілуде.