Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен 7 жастағы ер бала іздестірілуде

деп хабарлады құқық қорғау қызметкерлері.

Ол ата-анасымен Көкшетау қаласындағы автоқалашық шағын ауданындағы Боровской көшесінің бойындағы нөмір 56 үйде тұрады.

Кеше кешкісін үйіне келмей қалған баласын ата-анасы түні бойы іздеп таппаған соң құқық қорғау қызметкерлеріне хабарласып, көмек сұраған. Қазіргі кезде баланың суреттері таратылып, іздеу шаралары қолға алынды.

Баланың қайда жүргені, кіммен жүргені жөнінде ешқандай мәлімет жоқ.