Көкшетауда көршісін жарылғышпен қорқытқан шенеунік айыбын мойындаған жоқ

Есі шыққан әйел тиісті орындарға хабарлаған. Бірден 50 шақты адам сыртқа шығарылып, құтқарушылар бірнеше сағат бойы «жарылғыш затты» іздеп таппады. Ал жалған ақпаратты 61-ге келген апталдай азамат әрі Ақмола облыстық экология департаментінің бөлім бастығы таратқаны анықталды. Қанат Мырзахметов бұл қылығын «көршім сөздерімді қақас естіген,»-деп түсіндіруде. Ол үйлеріне жарылғыш зат қойылды емес, жарық берілді ма,-деп сұраған көрінеді. Десе де 38 жыл еңбек еткен азамат бүгіннен бастап қызметінен қуылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер лаңкестік әрекет жайлы жалған ақпарат таратқаны дәлелденсе 14 млн-дай теңге айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Қанат Мырзахметов, Ақмола облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

-Мен хабарластым ,жарылғыш емес, жарық бар ма дедім?

- Басқа маған түкте керегі жоқ.

-Бомба деген әңгіме болған жоқ па?

-Жоқ болған жоқ.Ол нашар естиді. 

Loading...