Көкшетауда курсант жоғары қабаттан секіріп кетті

Сол түні 1-ші курста оқитын Абылай Әбдіраш өзге балалармен кезекшілікте болыпты. Ал оқу корпусының 3-ші қабатынан қалай секіріп кеткенін қасындағылардың ешқайсысы көрмеген. Қазір курсанттың халі ауыр. Ал оқыс оқиға себебін қазір арнайы комиссия тексеруде. Курсанттың мұндай қадамға баруына жоғарғы курс балаларының қатысы болуы мүмкін деген де күдік бар. Төтенше жағдайлар Министрлігіне қарасты еліміздегі жалғыз жоғары оқу орнында тәртіп бұзушылық пен әлімжеттік бұған дейін де талай рет тіркелген болатын.


Қалдықыз Тойымбетова, курсанттың анасы:

-Жаңа кіріп шықтым, жатыр, ештеңе білмейді. Мені таныған жоқ. Әрине, сенбеймін мен. Ол секірмейді, не үшін секіреді. Жақсы оқитын бала, спортпен айналысады. Күтіп отырмын енді, бір Аллаға тапсырып отырмын.