Қоладан құйылған мүсінде батырдың соғыстан қайтқан кездегі бейнесі сомдалған. Жас Мәлік қан майданнан жеңіспен оралған кездегі бойын қуаныш кернеген қалпы халқына мақтанышпен қарап тұр. Облыс орталығына қойылған ескерткіштің ашылуына келгендердің қарасы қалың. Әсіресе батыр ұрпақтарының қуанышы ерекше.
Мәриям Кенжахметова, М.Ғабдуллиннің немере келіні:
-Бұл ерекше ескерткіш. Көптен күттік.Бюстар қойылатын, бірақ мынау ескерткіш нағыз еңселі ескерткіш Мәлік Ғабдуллиннің характерін беретін, ол кісінің батырлығын, зиялылығын бәрін көрсетіп тұр.Қатты қуанып тұрмыз!
Loading...