-Масқара ! Трактормен келіп талқандап тастады.
Ескі де болса, жұрттың жүріп өтетін жолының бір күнде осылай тас-талқаны шыққан. Ауыр техникамен келген жұмысшыларды көргенде жұрт әуелі үлкен бір өзгеріс болады екен деп қуаныпты. Бірақ қауырт басталған жұмыс көп кешікпей тоқтап қалған.
Анатолий Малышев, Көкшетауқаласыныңтұрғыны:
-Астан кестені шығып жатыр міне. Жөніне тұрған бардюрді бұзып, асфальтті қопарып тастады. Темір қазықтарды көлікке артып әкетті.
Сөйтсе, жөндеуді бастаған құрылыс компаниясы мекен-жайды шатастырып алған екен. Ал асығыс келіп, қопарып кеткен ауланы қайта жөндеп кетуге ешкім асықпай отыр.
Жанат Қиралапова, Көкшетау қаласының тұрғыны:
-Олардың кім екенін қайдан білеміз? Байқамай шатасып алып тастаппыз дейді. Негізі басқа аула екен. Қайта қалыпқа келтіруден бас тартып отыр.
Жұрт құрылысшыларды таппай, тапсырыс берген коммуналдық қызметке де талай барған. Бірақ онда да тұрғындарға тұщымды жауап қататын атқамінер табылмапты.
Ольга Лынник, Көкшетау қаласының тұрғыны:
-Бұл қалай сонда? Басшысы ауырып жатқанда, орынбасары демалысқа кетеді. Күлкілі жағдай. Ал әкімдер қабылдамайды. Сонда кімге айтамыз?
-Мердігер компания басшысы да, уақытының тығыз екенін алға тартқан қала әкімінің орынбасары Амангелді Смайылов мырза да ауланың қателікпен бұзып тасталғанын телефон арқылы мойындады. Тыныш жатқан жыланның құйрығын өздері басқан шенеуніктер қазір жобаны қайта қарап, 2 айдан бері әрі-сәрі болып жүрген тұрғындардың шағымын орындау үшін қазынадан 54 миллион теңге қарастырып жатырмыз дейді.