Бас мердігер – «Көкше МЖД» серіктестігі бұл үйді тамыздың 15-іне дейін күрделі жөндеуден өткізіп бітіруі тиіс еді. Бірақ қазір жұмыс тоқтап тұр. Компания басшылары неге бұлай болғанын түсіндіріп айтудан бас тартты. Енді тұрғындар мынадай қиындыққа ұшырап отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген үйдің жоғары қабатында тұратындар да зардап шегуде. Көктемдегі қатты дауыл оның шатырын ұшырып әкеткен. Жергілікті билік содан бері ешқандай шара қолданбапты.
- Үйлеріміз су болып жатыр. Балкон, подьезд барлығы. Сөзбен айтып шығарып салады. Тойдым мен. Бүкілінің алдынан өттім.