Көкшетауда оқушы сабақ үстінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полициядағылар Көкшетау қаласында орта мектептердің бірінде 2 мамырда 2002 жылғы оқушының қайтыс болғанын мәлімдеді. Облыстық ІІД мәліметінше, қайғылы жоқиға дене шынықтыру пәнінде болған.
"Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Алдын ала болжам бойынша оқушы жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болған", - деп хабарлады Ақмола ІІД баспасөз қызметі.