Көкшетауда өз баласын сатқан әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды


Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 жастағы келіншек баласын сатқаны үшін айыпталып отыр.

Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді.

Іс материалдарына сүйенсек, 2013 жылдың желтоқсан айында жас келіншек интернет арқылы ішінде тоғыз айлық баласын сатып алатын адам іздей бастаған. Полицейлер оны биылғы қаңтар айының соңында шаранасын 200 мың теңгеге сату үстінде қолға түсірді.