Көкшетауда өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды

Еске сала кетсек, 1 қараша күні 18:35 минут шамасында Көкшетау қаласында 20 жастағы ер адам өзін пәтеріндегі жуыну бөлмесінде азаматтық некедегі әйелі және әкесінің көзінше үстіне бензин құйып, өртеп жіберген еді.  Кейін ол 1 дәрежедегі (97 пайыз) күйікпен Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

«Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады.  Алайда,  өте ауыр хәлде түскен оның өміріне араша түсу мүмкін болмады. Кеше, яғни, 3 қараша күні сағат 15:20 шамасында күйік шалған жігіт ауруханада көз жұмды», - деп түсіндірді Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков.