Көкшетауда пәтеріне есірткі еккен нашақор ұсталды

37 жастағы азаматтың өзі 18 жылдан бері есірткіге тәуелді ретінде тіркеуде екен. Көпқабатты үйдегі пәтердің бірі нашақорлардың медициналық пункті сияқты қызмет атқарған. Иесі небір есірткі түрлерін қолдан дайындапты. Осы пәтерді жағалап, қожайынның қызметін пайдаланатындар да көбейген. Арзан «тауарға» құмартқандар есірткінің жалғыз инемен бірнеше адамға егіліп жатқанына да назар аудармаған көрінеді.

Бауыржан Дәукенов, Ақмола облыстық ІІД басқарма бастығы:

-Есірткіге тәуелді әрбір адам оған қоспаларды әкеп беріп отырған. Сірке суы, жанармай және түрлі препараттармен қамтамасыз еткен. Әлгі азамат ол қоспалардан есірткі жасаудың шебері екен.

Loading...