Көкшетауда қатты дауыл 2 қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті


«Казгидрометтің мәліметі бойынша 23-і тамыз күні Ақмола облысының кейбір жерлерінде секундтына 33 метрге дейін күшті жел тұрып,  арты жаңбырға ұласты. Көкшетау қаласындағы Уәлиханов көшесінің бойындағы 2 пәтерлі тұрғын үйдің аумағы 200 шаршы метр шатырын жел ұшырды. Оқиға орнына көмекке ТЖД жеке құрамынан 3 қызметкер және 1 арнайы техника тартылды. Қазіргі кезде қаладағы өзге ғимараттар да тексеріліп жатыр», деп көрсетілген хабарламада.