Көкшетауда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды

«Көкшетау қалалық мәслихаты қоғамдық көліктегі жолақыны көтеру туралы тасымалдаушылардың өтінішіне қолдау білдірді», - деді әкімдіктегілер.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, мәслихат шешімін заң орындары қарап шыққан соң, қоғамдық көліктегі жолақы ересектерге Т45 ал 7-ден 15-ке дейінгі жастарға Т20 болады.

Әзірге Көкшетаудағы қоғамдық көліктегі жолақы ересектер үшін Т35 ал балаларға Т15 болып қалып отыр.

Еске салсақ, Павлодарда 1 шілдеден бастап автобустар мен микроавтобустардағы жолақысы Т5-ке қымбаттап, сәйкесінше Т40 және Т45 болды. Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов онда қоғамдық көлік жолақысының көтерілетіндігі туралы қауесетті растамады. «Қоғамдық көлік жолақысының қымбаттайтындығы туралы қауесет шындыққа жанаспайды», - деді ол жұма күні.