Көкшетауда құбыр жарылып, бірнеше көшеге су жайылды


Көкшетауда су құбыры жарылды. Оқиға осыдан бір-екі сағат бұрын қаланың орталық көшесі саналатын Ақан сері көшесінде болған.Бұл туралы 24.кз хабарлады.  

Қазір оқиға орнында «Көкшетау су арнасы» мекемесінің техникалары мен жұмысшылары суды тоқтатуға әрекет жасап жатыр. Ал, диаметрі 700 миллиметрлік құбырдан атқылаған су Кенесары және Әуелбеков көшелеріне таралған. Тіпті, сол маңайдағы жер үйлердің кейбірінің жертөлелеріне де кірген. Қазір құбыр жарылған маңайда көлік қозғалысы тоқтатылды. Әзірге апаттан келген шығын мен қанша текше метр су жайылғаны жайлы ақпарат жоқ. Біз оқиғаны назарда ұстайтын боламыз.