Ақшаға құныққан дәріханалар құрамында кодеині бар таблеткаларды дәрігер нұсқаулығынсыз, тіпті клиенттің жасына да қарамай сатыпты. Нашақорлар мұндай мүмкіндікті жібермейді екен, ал есірткі іздеп есіргендер үшін бұл арзан тауар дейді полицейлер. Бейберекет сатылуына тыйым салынған мұндай препараттар нұсқаулықпен ғана берілуі тиіс. Алайда таблеткалар жерлігікті нашақорлардың қолына оңай түскен.
-Бірінші рет алып тұрғам жоқ, бұл препараттарды үнемі осы дәріханадан сатып алам. Бірақ менен eшқашан нұсқаулық сұраған емес ешкім.