Қызылша - бұл вирустық инфекция. Егер науқас түшкіріп, жөтелсе ауа арқылы қасындағыларға бірден жұғады. Сондықтан жұқпалы ауруды бірден ауыздықтау қиын дейді мамандар. Денесін бөртпе басып, қызуы көтерілген осындай сырқаттар Зеренді мен Сандықтау аудандарынан да келіп қаралуда. Дәрігерлер қазір науқастарды оқшаулап, карантин жариялапты. Бұған дейін балалар ауырып келген бұл дерттің қалай ересектерге жұққанын әзірге ешкім түсіне алмай отыр. Облыста осыған орай қызылшамен күресетін арнайы штаб құрылды.
Көкшетау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері:
-Қызылша-жұқпалы ауру негізінен балаларға тән. Бірақ, балаларға соңғы 6 жылдан бері қызылшаға қарсы егу жасалады. Бізді таң қалдырып отырғаны, қызылшамен негізінен ересектер ауырып жатыр.