Үйленіп жатқан достарына, көлікпен қалай жүруді көрсетіп мақтанған Саид Тунгоев осы әрекеті үшін жауап берем деп ойламаса керек. Жылдамдықты күшейтіп бір айналған жерде шыр айналған, ол полицейлердің келіп қалғанын да байқамаған. Сөйтсе, орталық алаңдағы бейнебақылау камералары оны үстінен түсіріп тұрыпты. Облыс әкімдігінің жанында тұрып тәртіп бұзған 22 жастағы азамат ақыры өзі айғыздаған алаңды шелек алып жууға мәжбүр болды. Оған қоса 13 мың айыппұл төлеуі тиіс.
Саид Тунгоев, қоғамдық тәртіп бұзушы:
-Менен бір қателік кетті. Мойындаймын. Ендігәрі олай істемеймін. Басқалар да оссыдан сабақ алса екен. Достарым қызықтасын дегем, тіпті тәртіп бұзып тұрмын деп ойламаппын.