Кейбірі қарызданып-қауғаланып тапқан ақшасын алаяқ әйелдің қолына ұстата салыпты. Өйткені несиеге алатын пәтерді де апарып көрсетіп, өзінің отбасымен таныстырып, адамдардың сеніміне кірген. Бірақ уақыт өте келе үй де жоқ, ақша да қайтарылмаған соң олар алданғандарын түсінді. Ақшасын беріп, баспана ала алмай қалғандардың арасында Аягүл Қасымоваға 6 миллион теңгесін санап бергендер де бар. Сот Ұлттық банктің бұрынғы қызметкерінің осы әрекеті үшін 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Және жеке мүлкі тәркіленеді. Ал шағымданушылар бұл шешімге риза емес.
Дина Салтанат, шағымданушы:
-Келіспейміз аз әрине. Ары қарай барамыз. Әпкелерінің арқасында жеңіл жаза алып отыр. Әрине, біреуі Бас прокуратурада , екіншісі экономикалық соттың судьясы.
Loading...