Көкшетауда ұнатпайтын адамының қақпасына оқ атқан тұрғын құрықталды


Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 29-қаңтарда болған. Жергілікті тұрғындардың бірі қақпаның сыртында атыс болғанын айтып полицияға шағымданыпты.
Бейбіт күнде оқ атқан 32 жастағы азамат құрықталды. Оның 16-калибрлі ИЖ-27 қаруы тәркіленді.
Аталған іс бойынша тексеру амалдары жүріп жатыр. Күдікті қолхат негізінде босатылды.