"Топтың үш мүшесі қару-жарақ пен жарылғыш құрылғылардың кезекті партиясын сатуға әрекет жасаған кезде ұсталды. Астыртын цех ұсталғандардың бірінің жекеменшік үйінде болған", - деді ҰҚК өкілдері.
Нәтижесінде заңсыз айналымнан жеті жауынгерлік тапанша, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 оқдәрі, сондай-ақ қару-жарақты модификациялауға және дайындауға арналған құрал-саймандар тәркіленген.
Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
"Мамыр айында Қазанда (Ресей) болған қайғылы оқиға атыс қаруы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.
Осыған байланысты қарудың заңсыз айналымы арнайы іс-қимыл және құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі", - деді ҰҚК өкілі.