Көкшетауда ұры сатушыға пышақ сұғып, кассадан 180 мың теңгені алып кеткен

Көкшетауда ұры сатушыға пышақ сұғып алды. Оқиға Көкшетаудағы Әуелбеков көшесінде орналасқан дүкендердің бірінде болған, деп хабарлайды Today.kz "Көкшетау Азия" сайтына сілтеме жасай отырып. 

Жігіт дүкенге кіріп, жас шамасы елулердегі сатушы әйелге қысым көрсеткен. Сатушының иық тұсына пышақ сұғып, кассадан 180 мың теңгені ұрлап әкеткен. Сатушы бірден полицияға хабарласқан. 

Ұры бір тәуліктің ішінде табылды. Ол 1984 жылы туылған,  бұрын екі рет сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазір азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 


Жапа шеккен сатушы Ақмола облыстық ауруханасында жатыр.