Көкшетауда ұшты-күйлі жоғалған келіншекке іздеу жарияланды

Жүрегіндегі ақаумен туған кішкентай Викаға 3 жылда екі операция жасалыпты. Қос камералы жасанды жүрекпен өмір сүріп жатқан қызға тағы да ота қажет болған. Оны Ресейдің Томскі қаласында жасауды жоспарлаған. Қайырымдылық қорлары арқылы қажетті қаржыны тауып, құжаттарын  реттеп, жәрдемақы алу үшін Ирина Мощечкова Көкшетауға, кейін Макинскі қаласына кетіп, содан қайтып оралмаған. Полиция да іздестіріп жатыр.


Ольга Самойленко, И.Мощечкованың анасы:

-Қаншама құжат жинап, осы сапарға алдын-ала дайындалды. Бала десе жанын беретін. Мүмкін көрген білген біреулер бар шығар, мына бүлдіршіндерді енді не істеймін, әкелері де тастап кеткен.Викаға жылауға болмайды. Бірақ,  анасын іздеп күнде егіледі.