Көкшетауда «Ваз-21074» жүргізушісі мектепке бара жатқан үш оқушыны қағып кетті

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай облыс орталығындағы №12 орта мектептің маңында орын алған. Жолдың жаяулар жүретін жерінен өтіп бара жатқан 8-10 жас аралығындағы үш баланы «Ваз-21074» көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі жанғанына қарамастан, қағып өткен.

Зардап шеккен үш оқушы да түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі көлік иесін жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр.