Видеоға кенет шыққан алапат өрттен қызметкердің отқа оранып жатқан жантүршігерлік көрінісі түсіп қалған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 16 ақпанда Qazaqoil жүк тиеу-түсіру станциясында жанармай таситын 2 цистерна өртеніп кеткен.
Өрт сағат 11:05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толығымен жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құятын автоцистернада болған жанармай құю бекетінің операторы – 1988 жылы туған ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді, бұл туралы департаменттің ресми сайтынан немесе әлеуметтік парақшаларынан білуге болады.