Көкшетауда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды


Бетперде киген 3 адам бекеттің есігін бұзып кірген. Сол жерде өзінше қарсылық білдірмек болған күзетшіні травматикалық тапаншамен атып жаралаған. Оператор келіншек бұл кезде жасырынып үлгерген екен. Ал қаскөйлер бір аптадан кассада бері жиналып қалған 1 жарым миллион теңгені қолды қылып, іздерін суытқан. Бетперде кигендері болмаса бұл үшеуінің қылмысы бақылау камерасына бастан аяқ түсіп қалыпты. Қазір қарақшыларды құрықтау шарасына полицияның бірнеше құрамы жұмылдырылған.